Қазақстан мен Словакия: ынтымықтастың жаңа бағыттары

На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии, геологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/documents/details/243132?directionId=14790&lang=kk 

2022 жылғы 10-11 наурызда Братислава қаласында (Словакия) Экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Словакия үкіметаралық комиссиясының 9-шы отырысы өтті.

Қазақстандық тарапты ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Талғат Момышев, словак тарапын Словак Республикасы Экономика министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Карол Галек басқарды.

Отырысқа екі елдің мүдделі министрліктері мен ұлттық компанияларының өкілдері қатысты.

Отырыс барысында Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық, өнеркәсіп, көлік, энергетика, қоршаған ортаны қорғау, құрылыс, ғарыш кеңістігін пайдалану және т.б. салалардағы мәселелерді талқылады.

Т.Момышев Словакия тарапына ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын ұсынды. Атап айтқанда, орман шаруашылығын басқару және мониторингілеу, экологиялық бақылауды жүргізу, құрылыс және құрылыс материалдарын өндіру, сондай-ақ транзиттік контейнерлік тасымалдарды іске қосу мәселелері бойынша өзара қарым-қатынасты кеңейту ұсынылды.

Сонымен қатар, Т.Момышев словакиялық компанияларды KAZAKH INVEST мемлекеттік компаниясымен және «Астана» халықаралық қаржы орталығымен (АХҚО) ынтымақтастыққа шақырды.

Комиссия шеңберінде Тараптар сауданы дамыту және өнеркәсіптің барлық салаларында инновациялар мен заманауи технологияларды енгізу бойынша өзара ынтымақтастық әлеуетін талқылады.

Сонымен бірге, Тараптар білім беру саласындағы жаңартылған шарттық құжатты әзірлеуге келісті.

Өз кезегінде словак тарапы су шаруашылығы, автомобиль өнеркәсібі, қалдықтарды өңдеу, жасыл технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ қазақстандық студенттерді Словакия ЖОО-да оқытуға дайын екендігін білдірді.

Іс-шараның қорытындысы бойынша Экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Словакия үкіметаралық комиссиясының 9-шы отырысының хаттамасына және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті мен «Heineken» словак компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Сонымен қатар, Комиссия отырысының шеңберінде екі ел бизнесінің қатысуымен Қазақстан-Словакия дөңгелек үстелі өтті.

Дөңгелек үстел аясында Тараптар екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамыту мәселелеріне және бизнесті жүргізудің практикалық аспектілеріне ерекше назар аударды. Словак тарапы Қазақстанда қолайлы инвестициялық ахуал мен бизнесті дамыту үшін жағдайлардың бар екенін атап өтті. Іс-шара барысында қазақстандық тарап инвестицияларды қолдау саласындағы жаңа шаралар мен мемлекеттің саясатын, ҚР арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарының мүмкіндіктерін, сондай-ақ елдің машина жасау және металлургия саласындағы әлеуетін және т.б. таныстырды.

Дөңгелек үстел жұмысына министрліктер мен ведомстволардың, ұлттық компаниялардың өкілдері, сондай-ақ 50-ге жуық қазақстандық және словакиялық бизнес өкілдері қатысты.