Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
2022 жығы 18 наурызда онлайн форматта Орталық Азия елдерінің табиғатты қорғау ведомстволары басышларының экономикалық блогының және Халықаралық құтқару қорының Орнықты даму жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының (ХАҚҚ ОДМК) жанындағы құрылымдық бөлімшелер мен ұйымдар өкілдерінің, елдердің қоғамдық ұйымдарынан, сондай-ақ ОДМК серіктестері халықаралық және аймақтық ұйымдарынан өкілдердің ОДМК кезекті отырысы өтті. А.ж. 17 наурызда ОДМК Консультативтік кеңесінің отырысы өтті.
ОДМК кезекті отырысын өткізу Орталық Азия өңірінің барлық елдері үшін ұйым қызметіндегі маңызды оқиға болып табылады.
Құрылған сәтінен бастап Комиссия белсенді жұмыс жүргізуде. Орталық Азияның орнықты дамуы үшін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өңірлік бағдарлама әзірленді және бекітілді, ол Орталық Азия елдері үшін іс жүзінде барлық маңызды басым бағыттарды қамтиды және әртүрлі жобалар үшін негіз болады.
Қазақстан климаттың өзгеруіне және су ресурстарының ағынына – экономика мен әлеуметтік әл-ауқат негіздері мен табиғи экожүйелердің тұрақтылығы тәуелді болып табылатын аймақтық ынтымақтастыққа ерекше қызығушылық танытады.
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С.Брекешев өзінің Twitter парақшасында, «ОДМК-ға төрағалық ету біздің еліміз үшін маңызды және біз алдымызға қойылған міндеттерді бірлесіп шешуге бар күш-жігерімізді саламыз» деп атап өтті.
Отырыста ОДМК-ға төрағалық ету өкілеттіктерін Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына ротациялық негізде беру жүргізілді. ОДМК-ға төрағалық етуді табиғатты қорғау ведомстволарының министрлері ротациялық негізде әрбір 2 жыл сайын жүзеге асырады.
Министр С.А. Брекешев төрағалық ету кезеңіндегі ОДМК жұмыс жоспарлары туралы баяндама жасады.
Сондай-ақ, отырыс барысында бірқатар шешімдер қабылданды, оларға сәйкес әзірленген индикаторлар мен мониторинг тетігін ескере отырып, Орталық Азияның 2030 жылға дейінгі орнықты дамуы үшін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өңірлік бағдарламаны іске асырудың Жол картасы (ОА ОДӨО), ОДМК ғылыми-ақпараттық орталығының (ОДМК ҒЗО) жаңартылған ережесі бекітілді, өтініш бойынша өңірлік орталық ашу туралы мәселе қаралды және өңірдегі экологиялық ынтымақтастықтың басқа да мәселелері талқыланды.