Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
2022 жылғы 24 мамырда Үкіметтің қаулысымен «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КеАҚ (бұдан әрі – Орталық) акциялары пакетінің бір бөлігін жеке меншіктен республикалық меншікке беру мақұлданды. Бұған дейін 2018 жылы желтоқсан айында орталықтың 50% (елу) + 1 акциясы мөлшерінде акцияларын тікелей сату арқылы «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ жүзеге асырылған болатын.
Осы қаулымен Орталықтың 100% акциялар пакеті мемлекеттік меншікке қайтарылды.
Орталық жасыл технологияларды ілгерілету және экономиканың бәсекеге қабілеттілігін, халықтың өмір сүру сапасын арттыру және қоршаған ортаға теріс әсерді азайту үшін бизнесті қолдау үшін құрылғанын атап өтеміз.