2022 жылғы 27 мамырда І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Қазақстан Республикасындағы экологиялық ақпаратты цифрландыруды құқықтық реттеу мәселелері» атты халықаралық конференцияға ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығының қызметкерлері қатысты.
Іс-шараға ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, сот органдары, құқық қорғау органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ҮЕҰ, ғалымдар, жоғары оқу орындарының тәжірибелі заңгерлері, отандық және шетелдік экологтар және құқық саласындағы басқа да мамандар баяндама жасады. Халықаралық конференцияда Экологиялық ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері; қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіндегі проблемалар талқыланды; қоршаған ортаны қорғау практикасының және азаматтардың экологиялық ақпаратқа құқықтарының өзекті мәселелері, қоғамдық тыңдаулар экологиялық ақпаратқа қол жеткізу нысаны ретінде және экологиялық маңызы бар шешімдер мен ұсыныстар болып табылады.
Халықаралық конференция қорытындысы бойынша экологиялық ақпаратқа қолжетімділік, экологиялық ақпараттың цифрландыру саласын реттейтін заңнамаларға толықтырулар мен өзгерістер ұсынылды.