Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
2022 жылғы 3 маусымда Ақтау қаласында еліміздің 180-нен астам өнеркәсіптік кәсіпорындары мен халықаралық ұйымдарының экологтарының қатысуымен “Орнықты даму үшін жауапты бизнес” тақырыбында конференция өтеді.
Бұл ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен еліміздің және шет мемлекеттердің мұнай, тау-кен металлургия, химия және энергетика секторындағы компаниялары арасында экологиялық қауіпсіз бизнес жүргізу үшін тәжірибе алмасуға бағытталған алғашқы ауқымды іс-шара.
Конференция 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай өткізіледі.
Кәсіпорындар экологтарын конференцияға ZOOM сервисі арқылы қатысу үшін шақырамыз!
Қатысуды растауды (т.а.ә., компанияның атауы мен лауазымын көрсете отырып) b.berdigulova@ecogeo.gov.kz электрондық мекенжайына жолдауды сұраймыз.