Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
«Жасыл даму» АҚ-ы «Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері Операторы» ЖШС-нің расталған міндеттемелері бойынша «EcoQolday» жобасының қатысушыларына төлем жүргізуді бастады. Орындаған міндеттемелерін растайтын құжаттарын уақтылы ұсынған 26 компанияға бүгінгі күні 105 миллион теңгеден астам қаржы төленді.
Естеріңізге сала кетейік, автокомпоненттер мен қаптама қалдықтарын жинап, кәдегеде жарату бойынша «EcoQolday» жобасына қатысқан кәсіпорындардың расталған міндеттемелері орындалатыны туралы хабарланған болатын. Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері Операторымен жасалған бұрынғы шарттар шеңберінде міндеттемелерін орындаған, көрсетілген қызметтерді құжат жүзінде растаған контрагенттерге 2021 жылдың 4-тоқсаны үшін төлем жүргізіледі.
Төлемдерді алу үшін «Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері Операторы» ЖШС-мен жасалған шарттың құқықтар мен міндеттемелерін кәсіпорындар «Жасыл даму» АҚ-на беру жөнінде жазбаша келісім мен негіздемелік шартқа қосымша үш жақты келісім және 2022 жылғы сәуірдің 30 дейінгі салыстыру актілерін ұсынуы қажет.