Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
Экология министрі Серікқали Брекешев «Fortescue Metals Group Ltd» директорлар кеңесінің төрағасы д-р Эндрю Форрестпен экология және геология саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесу өткізді.
Брекешев Қазақстан пайдалы қазбалар қорлары бойынша және көптеген түрлердің расталған қорлары бойынша әлемде көшбасшы орынға ие екенін, әлемнің жетекші елдерінің алғашқы ондығына кіретінін атап өтті.
Сонымен қатар, Министр «Fortescue Metals Group Ltd» компаниясының тәжірибесін, сондай-ақ әлемдегі темір кенін өндіру көлемі бойынша озық позицияларды атап өтіп, осы бағыттағы «жасыл» жобаларды бірлесіп іске асыру мәселесін қарастыруды ұсынды.
Сонымен қатар, кездесу барысында «Fortescue Metals Group Ltd» компаниясының өкілдері кен орындарының қорларын цифрландыру саласындағы ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.
Сонымен қатар, кездесу аясында Экологиялық кодексті іске асыру, сондай-ақ геологиялық барлау бұрғылауына экологиялық рұқсат алу процесі мәселелері талқыланды.
Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін нақты іс-шараларды көздейтін екіжақты құжатты әзірлеуге келісті.