Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
2022 жылғы 16 тамызда Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі З.Сүлейменова жұмыс сапары аясында Атырау облысының экологиялық проблемаларын шешуге арналған бірқатар кездесулер мен іс-шаралар өткізді.
Делегация Атырау қаласының оң жақ бөлігіндегі «АМӨЗ» ЖШС-да, «Тухлая балка», «Квадрат» және кәріз тазарту құрылыстарында болды.
Сапар соңында жұртшылық өкілдерімен және кәсіпорын басшыларымен («Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, «Теңізшевройл» ЖШС, «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясы) кеңес өткізілді.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша өңірде қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындарға ұйымдастырылмаған шығарындылар көздеріне талдау жүргізу және олардың санын қысқарту, «Тухлая балка» булану алаңын рекультивациялау жөніндегі жұмысты жеделдету, газды техникалық еріксіз жағу көлемін азайту, су үнемдеу технологияларын енгізу, келісімшарттық аумақ шегінде өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу мәселесін шешу, Каспий теңізі акваториясында жобаны іске асыру кезінде жануарлар мен өсімдіктерге әсер етуді болдырмауды қамтамасыз ету тапсырылды.
Рекультивациялау жұмыстарын сапалы орындау мақсатында Атырау облысы бойынша экология департаментіне «Қазгидромет» РМК филиалымен бірлесіп «Тухлая балка» булану алқабындағы сарқынды сулардың мониторингі бойынша жоспар-кесте әзірлеу тапсырылды.
Вице-министр З.Сүлейменова іс-шараға қатысушыларға өңірдегі кәсіпорындардың жүргізіліп жатқан жұмыстарына Министрліктің тұрақты мониторингі мен бақылауы және қоршаған ортаға әсерді қысқартуды қамтамасыз ету қажеттілігі туралы еске салды.
Кеңес соңында Зульфия Болатқызы және Атырау облысының басшылығы «Asar Joly» қайырымдылық марафонының өмірлік қиын жағдайда қалған өңір тұрғындарына демеушілік көмек көрсету қорытындыларын жариялауға бағытталған форумына қатысты.