Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова жұмыс сапарымен Жетісу облысында орналасқан «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде болды.
Сапар барысында ол Сарқан орман питомнигінің жұмысымен танысып, ұлттық парк ұжымымен кездесу өткізді, онда бүгінде 185 адам еңбек етеді. Ұлттық парктің бас директоры М. Н.Қабиев мекеме қызметінің әрбір бағыты бойынша іс-шаралардың іске асырылуы туралы баяндады. Парктің ғылыми қызметі, оның аумағында орман қорын қорғау және молайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндамалар тыңдалды. Сондай-ақ, парк аумағында келушілерді бағдарлауға арналған А-GPS Tracker мобильді қосымшасының жұмысы көрсетілді.
Кездесуден кейін вице-министр №3 «Ғылыми-танымдық тур» туристік бағыты (Сиверс алмасының табиғи жабайы жеміс екпелері өсетін жерлер бойынша) және №2 «Төменгі Жасылкөл көлі» туристік бағыты бойынша ұлттық парктің аумағын аралады.
Бұдан әрі экологиялық туризмді дамыту үшін маршруттар бойымен ұзақ мерзімді пайдалануға берілген жер учаскелері, «Каспий қоғамдық университеті» БМ қонақ үйі, «Алатау Сафари» ЖШС туристік объектілері қаралды.
Жұмыс сапарының соңында қонақтар Лепсі ауылында орналасқан «Лепсі өнімі» ЖШС зауытының жұмысы таныстырылды.