Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
2022 жылғы 4 қарашада сағат 15:00-де ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С.Брекешевтің Астана қаласының тұрғындарымен кездесуі өтеді.
Кездесу Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы 13, 2 қабат, Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залы мекенжайы бойынша өтеді.
Онлайн-трансляция ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің «Youtube», «Facebook» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирде жүргізіледі.
Сіз Министрмен кездесуде сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды қоя аласыз немесе келесі байланыс арналарын пайдалана отырып жібере аласыз: WhatsApp нөміріне: 8-708-132-7866 және электрондық мекенжайға: surak@ecogeo.gov.kz
Халықпен кездесуді өткізу барысында:
– коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесу;
– азаматтарды жеке қабылдау;
– БАҚ өкілдеріне арналған брифинг ұйымдастыру жоспарлануда.
Кездесуге жазылу үшін мына телефондар бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: 8-708-132-7866, 8-701-587-1531, 8-708-943-3620.
Азаматтарды белсенді қатысуға шақырамыз.