Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
Бүгін ҚР Үкіметінің отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова су тасқыны алдындағы гидрометеорологиялық жағдай, гидротехникалық құрылыстардың жай-күйі және су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.
Алдын ала болжамға сәйкес наурыз айында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормаға жақын, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Абай, ШҚО, Жетісу облыстарында және Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында 1°-қа жоғары болады деп болжанады.
Наурыз айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормадан жоғары болады деп болжануда, батыс, оңтүстік-батыс және солтүстіктің жекелеген аудандарында нормаға сәйкес.
Наурыз айынан бастап гидрологиялық болжам апта сайын ұсынылады.
Гидрометеожағдайлардың күрт өзгеруі байқалса, “Қазгидромет” РМК-ны қажетті шараларды қабылдау үшін, су тасқыны қатерлерінің туындау қаупі туралы дауылды ескертулерді алдын ала, яғни 2-3 тәулік бұрын Төтенше жағдайлар министрлігі мен жергілікті атқарушы органдарын хабардар ететін болады.
Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Министрлік бірқатар іс-шаралар қабылдады: жедел штаб құрылып, кезекшілік кестесі әзірленді, барлық гидротехникалық құрылыстарда (ГТҚ) тасқын суларды қауіпсіз өткізу бойынша қорлар бекітілді. Пайдалану ГТҚ пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, ГТҚ-ның барлық иелеріне қарғыбау суларын қауіпсіз өткізу және қажетті инертті материалдар мен техниканы дайындау үшін тиісті іс-шараларды өткізу туралы ұсынымдар берілді.