ЕҚТА-дағы Заң бұзушылықтар бойынша “жедел желі” жұмыс істейді

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

Естеріңізге сала кетейік, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда (ЕҚТА) табиғат қорғау заңнамасын бұзу бойынша “жедел желі” жұмыс істейді.

Сонымен қатар,әрбір азамат ЕҚТА аумағында заңсыз ағаш кесу, орман өрттері, заңсыз аң аулау және т. б. фактілер туралы +7 (777) 678 52 52 телефон нөміріне хабарлай алады.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар Министрлігі жанындағы Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға мемлекеттік ұлттық табиғи парктер (МҰТП), қорықтар мен резерваттар жатады.

?Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер:
1. «Іле-Алатау»;
2. «Көлсай көлдері»;
3. «Шарын»;
4. «Алтын-Емел»;
5. «Көкшетау»;
6. «Баянауыл»;
7. «Катонқарағай»;
8. «Сайрам-Өгем»;
9. «Бұйратау»;
10. «Қарқаралы»;
11. «Жоңғар-Алатауы»;
12. «Тарбағатай»;
13. «Ұлытау».

?Қорықтар:
1. «Ақсу-Жабағылы»;
2. «Алакөл»;
3. «Алматы»;
4. «Барсакелмес»;
5. «Батыс Алтай»;
6. «Қаратау»;
7. «Қорғалжын»;
8. «Марқакөл»;
9. «Наурызым»;
10. «Үстірт».

?Резерваттар:
1. «Ақжайық»;
2. «Алтын дала»;
3. «Бөкейорда»;
4. «Ертіс орманы»;
5. «Іле-Балқаш»;
6. «Ырғыз-Торғай»;
7. «Семей орманы».