Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
2023 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейменованың БҰҰ Даму Бағдарламасының (бұдан әрі – БҰҰДБ) Қазақстан Республикасындағы Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниамен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Біріккен Ұлттар Ұйымының 2023 жылғы климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясына (COP 28), Дубайға (БАӘ) дайындық мәселелері, оның ішінде жасыл қаржыландыру саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
Кездесу барысында Министр БҰҰДБ-ға қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруі және орнықты даму саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтты.
З. Сүлейменова «Қазақстан Төмен көміртекті даму үрдістерін ұстанады. Биылғы жылдың ақпан айында ҚР Үкіметі Қазақстанның 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын бекітті, оны Қазақстан БҰҰ РКИК (КС-28) тараптарының 28-ші конференциясында ұсынуды жоспарлап отыр. Стратегия елдің төмен көміртекті дамуға көшудегі экономикалық және әлеуметтік артықшылықтарын көрсетуге бағытталған» – деп атап өтті.
2025 жылдан бастап ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды ең үздік қолжетімді технологияларға көшіру жоспарлануда. Неғұрлым экологиялық технологияларға көшу Қазақстан мен дәстүрлі энергия көздеріне тәуелділігі жоғары басқа да көптеген дамушы елдер үшін елеулі сын-қатерлер туғызады.
Кездесу қорытындысы бойынша Министр БҰҰДБ жасыл қаржыландыру құралдарын қолдануды қолдауда шешуші рөл атқаратынын, Қазақстанға гендерлік теңдік мақсаттарына қол жеткізуге көмек көрсету үшін әлеуетке ие екенін және одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміт білдіретінін атап өтті.