Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
2023 жылғы 21 сәуірде Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен «БІЗДІҢ АСПАН» бірінші өңіраралық экологиялық бастамалар форумы өтті.
Форум жұмысына мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері мен экоактивистер қатысты. Барлық қатысушылар үшін бұл алаң бүкіл ел бойынша қоршаған ортаның өзекті мәселелері бойынша пікірлер мен тәжірибелермен бөлісуге мүмкіндік болды.
Форум шеңберінде сессиялар барысында атмосфералық ауаның сапасы, ең үздік қолжетімді техникалар, елді газдандыру, проблемаларды шешу үшін экологиялық ашықтық және т.б. мәселелер талқыланды.
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова онлайн-форматта құттықтау сөзін сөйлеп, атмосфералық ауаның сапасы адамдардың денсаулығы үшін де, жалпы ел экономикасы үшін де шешуші рөл атқаратынын атап өтті.
Ecojer қазақстандық аймақтық экологиялық бастамалар қауымдастығы кеңесінің төрағасы Ләззат Рамазанова бәріміз таза ауамен дем алып, таза су мен қауіпсіз өнімдерді тұтынғымыз келетінін атап өтті. Бірақ бұл үшін елдің барлық экологиялық саясатын өзгерту қажет. Адамдардың өмір сүру сапасы бұған тікелей байланысты. Бүгінгі таңда өңірлерде белсенділерден бастап өздерінің даму стратегияларына тұрақты тәжірибелерді енгізетін бизнес-компанияларға дейін экологиялық жауапты қауымдастықтар көбірек болып отыр.
Іс-шараның басты ерекшелігі – табиғатты қорғау саласындағы түрлі азаматтық бастамаларды қарау. Қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, атмосфералық ауаның жай-күйі, газдандыру, өнеркәсіптік қалалардың жайлы және экологиялық ортасы, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізу перспективалары проблемалық мәселелерін талқылай алды. Өнеркәсіптің ауаға, топыраққа және су ресурстарына жүктемесін азайтуға көмектесетін ондаған жасыл жобалар ұсынылды.
Іс-шараға Шығыс Қазақстанның ірі өндірістік компаниялары да қатысты.
«Қазмырыш» ЖШС әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры Андрей Лазарев ашықтық – компания жұмысының басты құрамдас бөлігі екенін атап өтті. Кәсіпорынның қызметі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, экскурсиялар ұйымдастырылуда. Сондай-ақ, спикер «БІЗДІҢ АСПАН» сияқты алаң жұртшылықпен тікелей диалог орнатудың тамаша қосымша мүмкіндігі екенін атап өтті.
Форум қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың қарауына жіберілетін ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді.