Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
Осы мамыр күндері Ресей Федерациясының солтүстік астанасы Санкт-Петербург қаласында Х-ші Нева халықаралық экологиялық конгресі өтеді, оның басты тақырыбы «Экология: құқық, артықшылық емес».
Қазақстандық делегацияны Қазақстанның экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова басқарды.
Осы іс-шара шеңберінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экологиялық заңнаманы үйлестіру саласындағы парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік беретін халықаралық деңгейдегі неғұрлым өткір және өзекті экологиялық мәселелер талқыланады.
Сондай-ақ, форум аясында Қазақстан экология министрі З.Сүлейменова Ресей Федерациясының Табиғи ресурстар және экология министрі А.Козловпен кездесу өткізді.
«Біздің елдеріміз арасындағы қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ өзара сенім мен тату көршілік қатынастарға негізделген су ресурстарын бірлесіп пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өткім келеді», – деп атап өтті ол әріптесіне сөйлеген сөзінде.
Естеріңізге сала кетейік, көршілес екі елдің табиғат қорғау ведомстволары трансшекаралық су объектілерін және оның жұмыс топтарын трансшекаралық өзендердің барлық бассейндері бойынша бірлесіп пайдалану және қорғау жөніндегі қазақстан-ресей бірлескен комиссиясы шеңберінде тығыз өзара іс-қимыл жасайды.
Мысалы, соңғы жылдары Еуропадағы ұзындығы бойынша үшінші орында тұрған Жайық (Орал) өзені су ағынының күрт төмендеуімен, биологиялық ресурстар санының азаюымен, жайылма өсімдіктердің тозуымен және антропогендік ластанумен сипатталады. Осы мәселелерді шешу үшін 2021-2024 жылдарға арналған Жайық (Орал) трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау және қалпына келтіру жөніндегі қазақстан-ресей ынтымақтастығының бағдарламасы және ірі трансшекаралық өзендердің (Жайық, Ертіс және т.б.) бассейндерінде зерттеулер жүргізу жөніндегі ынтымақтастықты жандандырудың бірыңғай жол картасы әзірленіп, іске асырылуда.
Сонымен қатар, 2010 жылы Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасында жолбарысты реинтродукциялау мәселесінде елімізді қолдау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, ал 2022 жылдың қыркүйегінде ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Келесі жылы жолбарыстың үш дарағын Қазақстанға тасымалдау күтілуде.
Сондай-ақ, тараптар орман шаруашылығын дамыту және орман өрттерімен бірлесіп күресу мәселелерін талқылады.
Конгресс барысында З.Сүлейменова Татарстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі А.Шадриковпен және Башқұртстан Республикасының табиғатты пайдалану және экология министрі Н.Фазыловпен кездесулер өткізді, онда министрліктердің қызметі саласындағы өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды.