Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ғ.Азидуллин мен Венгрияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Отто Иван Рона Қазақстанның Дүниежүзілік Банктің су ресурстары жөніндегі жұмыс тобына (Water Resources Group 2030) қосылуы мүмкін мәселелерін талқылады.
Су тақырыбындағы мәселелер Қазақстан үшін маңызды және өзекті болып табылады, өйткені олар экологияны ғана емес, ел экономикасын да қозғайды.
«Қазақстан әлемдегі ең үлкен тоғызыншы ел, дүниежүзілік мұхиттан ең алыс және теңізге шыға алмайтын ел, аумақтың 2/3 бөлігі құрғақ аймақтар болып табылады, олардың тек 2,8% сумен жабылған, ал температура әр 10 жыл сайын 0,28 градусқа көтеріледі.
Біз қазірдің өзінде климаттың өзгеру салдарын көріп байқаудамыз. Бұл су ресурстарымен проблемаға алып келеді, өйткені көптеген трансшекаралық өзендер бойынша Қазақстан ағыс бойынша төмен орналасқан. Су ресурстарының 40% астамы бізге көрші елдерден келеді. Шығыста, оңтүстікте, солтүстік-батыста біз көрші мемлекеттерге тәуелдіміз. Бұл проблема жаһандық жылынуға байланысты өсе береді»,-деп атап өтті вице-министр.
«Осыған байланысты Қазақстанның Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізудегі белсенді және жүйелі саясаты ҚР мен халықаралық қоғамдастық арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді және біз климаттың өзгеруімен күресуге және су ресурстарын ұтымды басқаруға бағытталған шешімдерді іздеуді жеделдетуде қолдауға сенеміз», – деп қосты ол.
Сонымен қатар, Қазақстанның Дүниежүзілік Банктің су ресурстары жөніндегі жұмыс тобына қосылуы елімізге экономиканың барлық салаларында суды тиімді және ұқыпты пайдалану мәселелерінде әлемнің жетекші елдерінің озық тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік береді.