Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналына қарасты аумақта вегетация жұмыстары тұрақты жүруде. Ең алдымен бұл жағдайға вегетация кезеңіне дейін қажетті көлемді толтыру мақсатында Бартоғай және Күрті су қоймаларының жұмыс режимін сақтау жұмыстары ықпал етті.
Сондай-ақ, вегетациялық кезеңге дейін негізгі су шаруашылығы объектілеріне су шығындарын болдырмау үшін жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, 253,4 м3 аумақ бетондалса, су шығынын азайтуға ықпал ететін 43,5 шақырым арнаға механикаландырылған тазарту жұмыстары атқарылды.
Алайда, мамыр айындағы төмен температураға байланысты Бартоғай су қоймасындағы ағын күші азайып, 30 м3/сек-тен жоғары көтерілмеді.
Суармалы суды үнемдеу үшін жергілікті атқарушы органдар және фермерлік шаруашылықтармен бірлесіп сумен жабдықтау кестесі түзілді. Сондай-ақ, түнгі суаруды жүзеге асыру үшін арнайы кезекшілік ұйымдастырылып, әр 4 сағат сайын жүргізілетін су берудің кезектілігі сақталуын бақылау жұмыстары күшейтілді.
Ағымдағы жылы 60 мың га алаңға 640,000 млн. м3 көлемінде суармалы су беру жоспарлануда. Бүгінгі таңда 15,7 мың га жалпы алаңға берілген су көлемі – 133,000 млн. м3 құрайды.
Қазіргі уақытта, Бартоғай су қоймасы бойынша су көлемі екі есеге өсіп, орташа есеппен 70 м3/сек. құрауда. Шілде айында да жұмыс аталған бағытқа сай жүргізіліп, вегетациялық кезең сәтті өтеді деп жоспарлануда.
Бүгінгі мәлімет бойынша Бартоғай су қоймасындағы су көлемі – 153,98 млн.м3, келген су – 54,4 м3/сек., су жіберу – 99,0 м3/сек.
Күрті су қоймасында көлемі – 51,6 млн. м3, келген су – 1 м3/сек., су жіберу -10,0 м3/сек.