Қазақстандық делегация ЕҚЫҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясына қатысты

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

Бүгін Вена қаласында ЕҚЫҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі жоғары деңгейдегі конференциясы өтуде.

Климаттың өзгеруі-біздің заманымыздың ең маңызды мәселелерінің бірі. Бұл ауа-райының жиі және қатал құбылыстары мен апаттарына әкелді.

Сонымен, конференция аясында қауіпсіздік пен бейбітшілік үшін климаттың өзгеруінің салдары, сондай-ақ климат саласындағы іс-қимылдар үшін шиеленістер мен қақтығыстардың салдары талқыланды.

Аталған іс-шараға Министрлер, климат жөніндегі елшілер және ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің және ынтымақтастық жөніндегі әріптестердің жоғары деңгейдегі басқа да саяси қайраткерлері, сондай-ақ Халықаралық азаматтық қоғам ұйымдарының өкілдері, Климаттық қауіпсіздік саласындағы сарапшылар мен практиктер қатысты.

Конференция жұмысы өзара әрекеттесу мен оқуға арналған панельдік пікірталастар мен параллельді тақырыптық сессияларды біріктірді.

Конференция барысында келесі мәселелер талқыланды:

* Климаттың өзгеруі жағдайында жалпы экожүйелерді тұрақты басқару;

* Климаттық төтенше жағдайлардың алдын алу, дайындық және әрекет ету үшін аймақтық ынтымақтастық;

* Климат пен қауіпсіздікке, оның ішінде әйелдер мен жастардың мүмкіндіктерін тарту және кеңейту арқылы көпжақты көзқарастар;

* Аймақтық және халықаралық ұйымдар арасындағы синергия мен климат пен қауіпсіздік серіктестігін кеңейту.

Экология және табиғи ресурстар министрі З. Сүлейменова өз сөзінде Қазақстан климаттың өзгеруін болдырмау мәселелерінде ЕҚЫҰ-ның уақтылы шақыруын толық қолдайтынын атап өтті.

Ол ел Президентінің Жарлығымен Қазақстанның 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы қабылданғанын, жасыл технологиялар мен жобаларды енгізуді ынталандыру бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп жатқанын, ағымдағы жылы елдің ұлттық деңгейде айқындалатын үлесі  жаңартылғанын, ол климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі жаңа тараумен толықтырылғанын атап өтті.

“Қазақстан энергетикалық қауіпсіздік және таза технологиялар, технологиялық стандарттарды әзірлеу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытуды жалғастырады. Бұл озық тәжірибелермен алмасуға және көміртексіз технологияларды беруге ықпал етеді, әртүрлі елдердің ғылыми жетістіктері мен сараптамаларын біріктіруге және зерттеулер мен әзірлемелердің сапасын, жылдамдығы мен тиімділігін әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді. Осы тұрғыда климаттың өзгеруінің салдарын жеңілдету және оған бейімделу бойынша жаһандық, өңірлік және ұлттық деңгейлерде бірлескен үйлестірілген іс – қимыл жасауға шақырамыз”, – деді З.Сүлейменова.

Сондай-ақ, іс-шара аясында қазақстандық делегация Ұлыбритания делегациясының басшысы, Чехия Сыртқы істер министрінің орынбасары госполин Ян Марианмен, “Caviar&Prunier Group” компаниясының басшылығымен ЗавьеРэй және Кристиан Рэй кездесті.