Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
Әлеуметтік желілерде 2023 жылғы 17 шілдеде Маңғыстау облысында мұнай төгілу орнында жануардың өлімі туралы бейне жарияланды.
Осы факті бойынша департамент басшысы Р. К. Төкенов бастаған экология департаментінің қызметкерлері аталған жерге тексеріске шығулы жүзеге асырды.
Төгілу орны мемлекеттің меншігінде екендігі және 2020 жылдан бастап мұнай эмульсиясы ағып жатқан “Шалба” учаскесіндегі НШ-П1 ұңғымасы екендігі анықталды.
Осыған дейін экология департаменті Құқық қорғау органдарына және басқа да құзыретті мемлекеттік органдарға ұңғыманы жою жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі туралы хаттарды бірнеше рет жолдаған.
Мәселен, 2020 жылғы 24 шілдеде Маңғыстау АІІБ қылмыстық іс қозғады (№1-4-8/1634-I), алайда қылмыс сипатының болмауына байланысты тоқтатылды.
ҚР Энергетика министрлігі жариялаған мұнай кен орны бойынша Мемлекеттік сауда-саттықта жеңімпаз болып “ARK Petroleum” анықталды, ол келісімшарт жасасқаннан кейін ластанған учаскені рекультивациялау және тазарту жүргізілетін болады.
Жануарлардың учаскеге кіруін болдырмау мақсатында Маңғыстау облысының әкімдігімен қоршаулар орнатылды.
Бұл ретте, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 168 “үй жануарларын күтіп-бағу мен серуендетудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы” бұйрығына сәйкес үй жануарларының меншік иесі олардың қауіпсіздігін дербес қамтамасыз етуге міндетті екенін атап өткен жөн .
Қазіргі уақытта экология департаменті облыс әкімдігіне және ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне жануарлар қалдығын жою және залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу қажеттігі туралы хат жолданды.