Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
Ағымдағы жылдың 2 қазанында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Н. Нысанбаев АӨСШК Бас хатшысымен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының АӨСШК-ге төрағалық етуі шеңберінде 2024 жылдың тамыз айында өткізілетін АӨСШК-ге қатысушы елдер министрлерінің экология мәселелері жөніндегі конференциясына дайындық мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында конференцияны ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, Тараптар алдағы іс-шараға дайындық деңгейін оң бағалады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін АӨСШК-нің алтыншы саммиті барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев 2024 жылы Астана қаласында экологиялық проблемаларды шешу тәсілдерін талқылау үшін АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің жоғары деңгейдегі конференциясын өткізуді ұсынған болатын.
Осыған байланысты, Министрлік АӨСШК Хатшылығымен бірлесіп, АӨСШК-ге қатысушы елдермен экология мәселелері бойынша АӨСШК Министрлік конференциясы тұжырымдамасының жобасын сараптамалық деңгейде келісу бойынша жұмыс жүргізуде.
Қазіргі уақытта консультациялардың 2 раунды өткізілді. Хатшылықтың қолдауымен отырыстар сындарлы арнада және тиісті техникалық деңгейде өтетінін атап өткен жөн. Жалпы, тұжырымдаманың барлық тармақтары тараптардың мүдделерін ескере отырып, алдын ала келісуден өтті.