Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
2023 жылғы 12 қазанда Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаевтың AfoCO атқарушы директоры Чонго Паркпен екіжақты кездесуі өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы 2019 жылғы 4 қазаннан бастап орман секторындағы ынтымақтастық жөніндегі Азия ұйымының (AFoCO) мүшесі болып табылады.
Министр Корея Республикасының Арал теңізінің құрғауы салдарынан туындаған экологиялық апаттың салдарымен күрестегі айтарлықтай үлесін атап өтті. Бірлескен күш-жігердің арқасында Қызылорда облысында Арал теңізінің құрғаған табанының 13,3 мың га алаңын фитоорманмелиорациялау жобасы табысты іске асырылды.
Орталық Азия елдерінің орман шаруашылығы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және орман секторын дамыту мақсатында өңірлік білім беру және кәсіптік даярлау орталығын (RETC) және Қазақстан Республикасындағы АФОКО өңірлік өкілдігін ашу бойынша жұмысты бастау ұсынылды.
Айта кету керек, Қазақстан орманы аз елдер қатарына жатады. 2023 жылғы 1 қаңтардардағы жағдай бойынша еліміздің 5% ғана орманмен жабылған, оның ауданы 13,7 млн. га (орман қорының жалпы аумағы 30,9 млн. га) құрайды. Орманмен қамтылған алаңның жартысынан көбінде сексеуіл өседі.