Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
2023 жылғы 7 қарашада “Жасыл даму” АҚ Басқарма төрағасы Ержан Сәрсенбай мен “Қазпошта” АҚ Басқарма төрайымы Әсел Жанасова Қазақстанда “жасыл” экономиканы және ESG (Environmental, Social, Governance) дамыту мақсатында стратегиялық әріптестік шеңберінде меморандумға қол қойды.
Ынтымақтастық туралы екіжақты келісім экологиялық жауапкершілік мәдениетін дамыту, қалдықтарды бөлек жинау және қайта өңдеу үшін Қазпошта инфрақұрылымын пайдалана отырып Қазақстанның өңірлерінде, экологиялық орталықтар, эко-хабтар құруға бағытталған.
Эко-хабтардың мақсаты қызметкерлерді тұрақты тұтыну және қалдықтарды бөлек жинау қағидаттарына үйрету ғана емес, сонымен қатар өңір тұрғындарын осы бастамаларға баулу.
Меморандум “Жасыл даму” АҚ-ның Қазақстанның экологиялық санасы мен экологиялық мәдениетінің қазіргі деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.