USAID-пен халықаралық ынтымақтастық

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шарбиев Орталық Азиядағы АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) өңірлік миссиясының директоры Луис А.Риверамен кездесті.

Кездесу барысында қоршаған орта секторындағы USAID бағдарламасына шолу және алдағы жылға арналған мақсаттарды анықтау ұсынылды.

Сондай-ақ, тараптар USAID пен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы экологиялық сектордағы және Арал теңізіндегі жоба бойынша ынтымақтастықты жақсарту мүмкіндіктерін талқылады.

Өз кезегінде қазақстандық тарап орманды қорғау, өртті ерте анықтау, орманды қалпына келтіру, сондай-ақ ұлттық парктерді дамыту мәселелері бойынша ынтымақтастықты қарастыруды ұсынды.