Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің Канаданың Қазақстан Республикасындағы елшісімен кездесуі

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар Министрі Ерлан Нысанбаевтың Қазақстан Республикасындағы Канада Елшісі Алан Хэмсонмен кездесуінде климаттың өзгеруі, көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы, орнықты экономикалық даму, атап айтқанда, ҚР жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасы, ҚР жаңа экологиялық кодексі, ҚДТ енгізу мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, Министр қонақтарды Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдамамен, тұжырымдаманы өзектендіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы таныстырды, онда 2050 жылға дейін «жасыл» көшу бойынша өз алдына жаңа өршіл міндеттер қою жоспарланған.

Атап айтқанда, 2050 жылға қарай жаңартылатын және баламалы энергия көздерінің үлесін 50% – ға дейін, ЕҚТА аумағын 17% – ға дейін, қалдықтарды қайта өңдеуді 60% – ға дейін жеткізу, сондай-ақ ауа мен су ресурстарының ластануын айтарлықтай төмендетуді қамтамасыз ету жоспарлануда.

Сонымен қатар, тараптар 30 қараша-10 желтоқсан аралығында БАӘ, Дубайда өтетін Климаттың өзгеруі жөніндегі тараптардың алдағы конференциясының мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, тараптар орман шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы келісті.