Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
2023 жылғы 21 қарашада бейнеконференция форматында Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-қытай комиссиясының 10-шы отырысы өтті.
Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі, Комиссияның қазақстандық бөлігінің тең төрағасы М.Ошурбаев, Қытай делегациясын – Қытай Халық Республикасы Экология және қоршаған орта министрінің мрынбасары, Қытай бөлігінің тең төрағасы Чжао Инмин басқарды.
Отырыс барысында Тараптар комиссияның 9-шы отырысынан кейінгі кезеңдегі жұмыстарға шолу жасап, қорытындылап, 2022-2023 жылдардағы жұмыстардың орындалуын растады және одан әрі ынтымақтастықты талқылады.
Тараптар Трансшекаралық өзендер суларының сапасын мониторингілеу жұмыс тобының, Талдау және бағалау және төтенше жағдайларға жедел ден қою және трансшекаралық өзендердің ластануының алдын алу жөніндегі жұмыс тобының қызметі туралы баяндамаларды тыңдады. Тараптар аталған топтардың өткен кезеңдегі жұмыс нәтижелерін қанағаттанарлық бағалады.
Атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша Тараптар комиссияның 2024-2025 жылдарға арналған жұмыс жоспарын келісіп, бекітті және Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-қытай комиссиясының 10-шы отырысының хаттамасына қол қойды.