«Қоршаған ортаны қорғау мәселелеріндегі жұртшылықтың рөлін нығайту» дөңгелек үстел

2023 жылғы 29 қарашада Астана қаласында гибридті форматта  «Қоршаған ортаны қорғау мәселелеріндегі жұртшылықтың рөлін нығайту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі “Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы” ШЖҚ РМК-мен бірлесіп ұйымдастырған іс-шараға өңірлік Орхус орталықтарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, экология саласындағы тәуелсіз сарапшылар қатысты.

Дөңгелек үстел барысында атмосфералық ауаның ластануы және ластағыштардың трансшекаралық тасымалы, Орталық Азия өңірінің экологиялық проблемаларын шешуге жұртшылықтың қатысуы сияқты тақырыптардың кең ауқымы талқыланды. Сондай-ақ, өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениеті және оқу бағдарламаларына “экология” пәнін енгізу қажеттілігі және т. б. туралы айтылды.

Дөңгелек үстел аясында «Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» Ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Бұл конкурсты жыл сайын ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі әкімдіктермен бірлесіп «Жасыл Қазақстан» Ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде өткізеді. Конкурстың мақсаты – республиканың жалпы білім беретін мекемелері арасында эко-бағдарланған қызметте және орнықты дамуда бастаманы қалыптастыру.

Бекітілген Ережеге сәйкес, Конкурс екі кезеңде өткізілді: үш номинация бойынша аймақтық және ұлттық:

1) «Табиғатқа жанашыр ұйым» номинациясы;

2) «Үздік экологиялық жоба» номинациясы;

3) «Экологиялық сауат және ақпараттандыру» номинациясы.

Әр облыстан әр номинация бойынша бір үміткер таңдалды, содан кейін екінші кезеңге қатысқан жеңімпаз.

Екінші кезеңге 47 ұйым қатысты, олардың ішінен 9 жеңімпаз іріктеліп, марапатталды.

 

«Табиғатқа жанашыр ұйым» номинациясы бойынша:

 

Бірінші орын – Павлодар облысы әкімдігінің Білім беру басқармасы Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің «Шакен Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты» КММ;

Екінші орын – Жамбыл облысы әкімдігінің Білім беру басқармасы Меркі ауданы білім беру бөлімінің «Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-лицейі» КММ;

Үшінші орын – Қызылорда облысы әкімдігінің Білім беру басқармасы Шиелі ауданы білім беру бөлімінің «№ 47 М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-лицейі» КММ.

 

«Үздік экологиялық жоба» номинациясы бойынша:

 

Бірінші орын – Жамбыл облысы Тараз қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі;

Екінші орын – Шымкент қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі;

Үшінші орын – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Білім беру басқармасы Шал ақын ауданының білім беру бөлімінің «Социалистік еңбек ері Есім Шайкин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ.

 

«Экологиялық сауат және ақпараттандыру» номинациясы бойынша:

 

Бірінші орын – Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі Білім беру басқармасының «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешенi» КММ, Өскемен қаласы;

Екінші орын – Қостанай облысы әкімдігі Білім беру басқармасы Қостанай ауданы білім беру бөлімінің «Алтынсарин жалпы білім беретін мектебі» КММ;

Үшінші орын – Павлодар облысының Білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» КМҚМ.