Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
СОР28 алаңында ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М. Ошурбаев Азия даму банкі ұйымдастырған «Климаттың өзгеруіне қарсы күресте өңірлік ынтымақтастықты нығайту» іс-шарасына қатысты.
Іс-шарада климаттың өзгеруінің аймақтық тәсілдері ұлттық климаттық міндеттемелерге қол жеткізуге қалай көмектесетіні, климаттық әрекеттерді жеделдету үшін қандай аймақтық Климаттық әрекеттерге басымдық беру керектігі талқыланды.
М. Ошурбаев өз сөзінде Қазақстанның парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі күш-жігерімен қатар, экономика мен қоғамның төмен көміртекті дамуға бейімделуі климаттық іс-қимылдың ажырамас бөлігі болуға тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ, өңірлік деңгейдегі іс-қимылдарды үйлестірусіз және өңір елдері арасындағы тығыз ынтымақтастықсыз алға қойылған мақсатқа қол жеткізу мүмкін емес.
Сессияда сондай-ақ климаттың өзгеруі жөніндегі Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық бағдарламасының пайымы талқыланды. Бірнеше ел қатысатын аймақтық тәсілдер мен экономика салаларына басымдық беру аймақтың экологиясына үлкен және оң әсер етуі мүмкін.