Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
Бүгін, Өскемен қаласында Қазақстан Республикасының орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттары мен міндеттеінің асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі Парламенттік комиссияның «Ауаның ластануы экологиялық қауіпсіздікке төнеген қатер» тақырыбына арналған көшпелі отырысында аттас баяндамамен ҚР Экология жіне табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев сөз сөйледі.
Министр атап өткендей, «Қалалар мен елді мекендердің ашықтығын, қауіпсіздігін, өміршеңдігін және экологиялық орнықтылығын қамтамасыз ету» орнықты даму саласындағы 11-мақсат бағыты бойынша Экология кодексі шеңберінде бірінші санаттағы объектілер үшін шығарындылар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін енгізу міндетті болып табылады.
Аталған жүйені енгізу қағидаларына сәйкес бұл талапқа 91 ірі-ластаушылар жатқызылады.
Бүгінгі таңда аталған жүйені 22 кәсіпорын орнатты, жыл соңына дейін тағы 29 және келесі жылы 40 кәсіпорын орнатуды жоспарлап отыр.
Министрлік «Ұлттық ақпарат технологиялар» АҚ-мен бірлесіп «Қазақстан Республикасының қоршаған ортасы мен табиғи ресурстарының жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкі» ақпараттық жүйесін құрды, ол мониторинг жүйесінің деректерін қабылдайтын болады. Пайдалануға беру келесі жылдың 2 тоқсанына жоспарланған.
Бұл жүйе кәсіпорындар қызметінің ашықтық деңгейін арттыруға, деректердің объективтілігін және уақтылы ден қоюды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Экология кодексте 2025 жылдан бастап ең үздік қолжетімді техникаларға көшу қарастырылған.
Кәсіпорындар 10 жыл ішіндегі экологиялық тиімділік бағдарламасына сәйкес ең үздік қолжетімді техникаларды енгізеді және осы кезеңде ол эмиссиялар үшін төлемдерден босатылады және бұл қаражат осы техниканы енгізуге бағытталуы тиіс.
Егер кәсіпорындар Бағдарламаны әзірлемесі және оны іске асырмаса, онда эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері: 25 жылдан бастап 2 есе, 28 жылдан бастап – 4 есе және 31 жылдан бастап – 8 есе өседі.
Бірінші кезеңде (2035 жылға дейін) ластанудың 80%-ын құрайтын 50 ірі кәсіпорынның (мұнай-газ, тау-кен-металлургия, химия және электр энергетикасы салалары) ең үздік қолжетімді техникаларына көшуі жоспарлануда.
Атмосфералық ауаның ластануына жеке сектор айтарлықтай үлесін қосуда.
Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша, Қазақстандағы үй шаруашылықтарының үштен бірі ғана орталықтандырылған жылытуды, газды немесе электр қуатын жылыту үшін пайдаланады, ал қалған үштен екісі қатты отынды жағады. Құбырлардың төмен орналасуына байланысты мұндай қондырғылардың шығарындылары жер бетіне жақын тұрып, түтін түзеді. Бұл қондырғылардағы жану процестері тиімсіз және оларға шығарындыларды азайтуға арналған жабдықтарды орнату мүмкін емес.
Атмосфералық ауа сапасына мониторингті «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны 69 елді мекенде 170 бекетте жүргізеді (оның ішінде 47 қолмен сынама алу және 130 автоматты, 15 жылжымалы зертхана).
Министрлік халықпен, әкімдіктермен және табиғат пайдаланушылармен бірлесіп өңірлердің экологиялық проблемаларын шешу бойынша 18 Жол картасын әзірледі.
2023 жылы Жол карталары аясында 81 іс-шара іске асырылуда, орындаулы 65%-құрады.
Министрлік «жасыл» экономика тұжырымдамасын өзектендіруді жүргізуде.
Орнықты даму мақсаттары мен Дүнижүзілік денсаулық ұйымының нормативтеріне сәйкес әзірленген жаңа индикаторлар әзірленген.
Орнықты дамудың 12 «Тұтыну мен өндірістің ұтымды үлгілеріне көшуді қамтамасыз ету» мақсаты бойынша ресурстарды тұтынуды жаппай қысқарту және өнім өндіруді көздейтін өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды толық қайта өңдеуге көшу маңызды болып табылады.
«Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы шеңберінде 2030 жылға қарай қалдықтарды қайта өңдеудің 40%-дық үлесіне қол жеткізу, халықты қоқыс шығару қызметімен толық қамтамасыз ету және полигондардың 95%-ын санитарлық нормаларға келтіру жоспарлануда.
Елде қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу үлесінің мөлшері 2021 жылғы 21%-дан 2022 жылы 24%-ға дейін және өнеркәсіптік қалдықтардың үлесі сәйкесінше 38%-дан 40%-ға дейін өсті.
Бөлек жинау және сұрыптау инфрақұрылымы дамуда. Бүгінгі таңда 207 қала мен ауданның 142-сінде бөлек жинақтау әртүрлі сатыда, ал сұрыптау (қолмен немесе автоматтандырылған) 102 қала мен ауданда жүргізіледі.
Осы саладағы мәселелер ағымдағы жылғы 26 қыркүйектегі Үкімет отырысында талқыланып, нақты тапсырмалар берілді. Атап айтқанда, барлық өңірлердің әкімдіктеріне коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу тапсырылды (ол өңірдегі барлық ағымдағы жағдай және оның қажеттілігі туралы ақпаратты қамтиды). Өкінішке орай, бүгінде мұндай бағдарлама тек Ақтөбе және Сәтбаев қалаларында ғана қабылданды. Министрлік өз тарапынан әдіснамалық көмек көрсетуге дайын.
Маңызды мәселелердің бірі-тариф. Көптеген аймақтарда тарифтер 4-5 жыл ішінде қайта қаралмады және бүгінде тиімсіз болып табылады.
Өз кезегінде, министрлік қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі арнайы кәсіпорындарды субсидиялау тетігін (ЭкоҚолдау) қайта іске қосуды жоспарлап отыр, төлем тәртібі 2024 жылдың басында қайта басталады.
Сондай-ақ, кәдеге жарату төлемінің «Жасыл даму» АҚ-ға түскен қаражаты есебінен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» арқылы сыйақы мөлшерлемесі 3%, 3 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге қалдықтарды бөлек жинау, тасымалдау, сұрыптау және қайта өңдеу бойынша инфрақұрылымды жеңілдікпен қаржыландыру тетігі әзірленуде. 3 жылға 200 млрд.теңге бөлу жоспарлануда, жобалардың пулы қалыптастырылуда.
Орнықты дамудың 13 «Климаттың өзгеруіне және оның салдарына қарсы күрес бойынша шұғыл шаралар қабылдау» мақсаты бойынша Қазақстан Орталық Азияда бірінші болып Париж келісіміне қосылып, 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын бекітті.
Ұлттық деңгейде айқындалатын салымдар өзектендірілді. 2022-2025 жылдарға арналған көміртегі квоталарының Ұлттық жоспары және 2023-2025 жылдарға арналған көміртегі бюджеті бекітілді. Сондай-ақ 2022-2026 жылдарға арналған қазақстандық парниктік газдар шығарындылары сауда жүйесін еуропалық жүйемен интеграциялау жөніндегі жол картасы бекітілді.
Естеріңізге сала кетейін, Қазақстан парниктік газдар шығарындыларын 1990 жылғы деңгейден 2030 жылға қарай 15% – ға қысқарту жөнінде шартсыз міндеттеме алды. Инвестициялар мен жасыл технологиялар түріндегі халықаралық қолдау жағдайында шартты мақсат 25% құрайды.
Бүгін Дубай қаласында климат жөніндегі 28-ші конференция жұмысын аяқтауда, ол әлемдік көшбасшыларды Климаттық міндеттерді шешу үшін біріктірді, онда Мемлекет басшысы Қазақстанның метан шығарындыларын азайту жөніндегі жаһандық міндеттемеге қосылатынын жариялады.
Орталық Азиядағы климатты қорғау жөніндегі іс-қимылдарға серпін беру үшін 2026 жылы Қазақстанда Біріккен ұлттар ұйымы аясында Өңірлік Климаттық саммит өткізу жоспарланғандығы туралы Мемлекет басшысымыз хабарлады.