Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/762147?lang=kk
Тарихи оқиға – Қордың шығындар мен залалдар жөніндегі кеңесінің алғашқы отырысы.
Қазақстан өкілдері 2024 жылғы 30 сәуір мен 2 мамыр аралығында Әбу-даби қаласында (БАӘ) өтіп жатқан шығындар мен залал жөніндегі Қор Кеңесінің бірінші отырысына қатысады.
Кеңестің құрамына дамыған елдердің, Азия-Тынық мұхиты аймағының, Африканың, Латын Америкасы мен Кариб бассейнінің, шағын арал мемлекеттерінің және т.б. өкілдері кіреді.
Естеріңізге сала кетейік, СОР28 қорды шығындар мен залал бойынша іске қосу туралы тарихи келісіммен аяқталды. Қордың мақсаты дамушы елдерге климаттың өзгеруіне байланысты төтенше ауа-райының салдарынан болған шығындар мен залалдарға ден қою үшін көмек көрсету болып табылады. Айта кету керек, бұл қордың құрылуына отыз жылдан астам уақыт қажет болды.
СОР28 президенті Сұлтан әл Джабер мырза өз сөзінде қорды СОР28-ге енгізу туралы келісімге қол қою үлкен жетістік болғанын, алайда бұл прогресті ұзақ мерзімді, оң, әлеуметтік-экономикалық ықпалды қамтамасыз ететін толық жұмыс істейтін қордың көмегімен бекіту қажет екенін атап өтті.
Жақын арада Қор Кеңесінің алдында жұмыс жоспарын әзірлеу, Қор жұмысының модальділігін, қосымша ережелер мен рәсімдерді айқындау, атқарушы директорды, сондай-ақ орналастыру елін таңдау міндеттері тұр.
Шығындар мен залалды жабуға жалпы сомасы 792 миллион АҚШ доллары бөлінді, оның ішінде бүгінгі күнге дейін қорға 662 миллион АҚШ доллары бөлінді.
Қазақстан Орталық Азияның басқа елдерімен қатар климаттың өзгеруіне аса осал екенін ескере отырып, Кеңестің жұмысына қатысу өңірдегі климаттың өзгеру проблемасына назар аударудың бірегей мүмкіндігі болып табылады.