Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/777388?lang=kk
2021 жылдың қыркүйек айының басынан бастап Экология және табиғи ресурстар министрлігі Арал теңізінің құрғаған ұлтанына фитоорманмелиорация бойынша шаралар қабылдауда. Біздің мақсатымыз 2025 жылға дейін 1,1 млн гектар алқапта сексеуіл екпелерін құру.
Осы жылдың көктемінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 15 мың гектар жерге сексеуіл отырғызып, 4,4 млн астам көшет отырғызды. Бұл жоба экожүйенің қалпына келуіне ықпал етіп қана қоймай, жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындарын ашады.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі өзге де ұлттық компанияларға «ҚазМұнайГаз» тәжірибесін пайдалануды және осы игі бастамаға қосылуды ұсынды.