Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/804062?lang=kk
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансур Ошурбаев «New Vision Forum» бизнес-форумында «Климаттық өзгерістерге қарсы күрес үшін «Төменнен жоғары әдістеме» және «Антисынғыш: Климаттық қауіптерді басқарудағы бизнес ұсыныстары» панельдік сессияларына қатысты.
Форум аясында вице-министр Қазақстанның климаттың өзгеруі және орнықты даму саласындағы стратегиялық басымдықтары туралы баяндама жасады. Өз сөзінде ол климаттық мәселелерді шешу және төмен көміртекті даму мақсаттарына қол жеткізу үшін мемлекеттік құрылымдар мен жеке сектор арасындағы белсенді өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.
Вице-министр Қазақстан парниктік газдар шығарындыларын азайту, энергия тиімділігін жақсарту және жаңартылатын энергия көздерін дамыту жөніндегі шараларды іске асыру бойынша белсенді жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Ол сондай-ақ алға қойылған мақсаттарға жету үшін халықаралық ынтымақтастық пен озық тәжірибемен алмасудың маңыздылығын атап өтті.
«Бизнестің Климаттық күн тәртібіне қатысуы орнықты даму жөніндегі ұлттық стратегияларды іске асыруда шешуші рөл атқарады. Бірлескен күш – жігермен біз неғұрлым тұрақты және экологиялық таза экономика құра аламыз»,-деді вице-министр.
New vision Nobel Fest бастамасы бойынша Young Presidents Organization Kazakhstan (YPO) компаниясымен бірлесіп өткізіледі. Форум өзекті мәселелерді талқылау және тұрақты даму мен климаттың өзгеруі саласындағы бірлескен шешімдерді әзірлеу үшін жетекші сарапшыларды, бизнес және мемлекеттік құрылымдардың өкілдерін жинады. Осылайша, аталған іс-шарада 50 әлемдік спикерлермен 50 панельдік сессия өткізілді.
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі жасыл технологияларға инвестициялар тарту және елдің тұрақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі белсенді жұмысты жалғастырады.