Қазақстанда стратегиялық жоспарлауға бейімделу мәселелерін интеграциялау жобасын іске қосу бойынша

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/805843?lang=kk

2024 жылғы 5 шілде, Астана қ. – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) серіктестікте «Бейімделуді жоспарлауды институттандыру және бейімделуді ұлттық жоспарлаудың дәйекті саясаты шеңберінде бейімделу жөніндегі шараларды іске асыруды қамтамасыз ету үшін климаттық тәуекелдерді Қазақстанның дамуын жоспарлау процестеріне интеграциялау» жобасын іске асыруын бастау бойынша семинар өткізді.

Анықтама: бұл жоба Жасыл климаттық қордың қаржылық қолдауымен әзірленуде.

Семинарда жобаның міндеттері мен жоспарлары ұсынылды, сондайақ қатысушылар жобаны іске асыру тәсілдеріне өз ұсыныстарын қосуға мүмкіндік алды. Жобаның негізгі мақсаттары ұлттық, өңірлік жоспарлауға бейімделу мәселелерін интеграциялаубасқаруды күшейту және институционалдық үйлестіру, климаттық тәуекелдер мен осалдықтарды бағалауды жүргізуақпарат сапасын арттыру үшін тиімді әдістерді, құралдарды енгізу және жеке сектордың қатысуын кеңейту болып табылады.

Климаттың өзгеруіне бейімделу климаттың өзгеруіне ұзақ мерзімді жауап берудің, ұлттардың, жергілікті қауымдастықтар мен экожүйелердің тұрақты экономикалық дамуы мен әлеуметтік әл-ауқатының негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.