Қазақстандық делегацияның ШЫҰ форумына қатысуы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/808219?lang=kk

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Н. Нысанбаевтың бастаған қазақстандық делегация 2024 жылғы 7-8 шілдеде Қытайдың Циндао қаласында өткен ШЫҰ елдерінің «Жасыл даму жолымен қол ұстаса жүру, адам мен табиғаттың үйлесімді қатар өмір сүруін ілгерілету» тақырыбындағы форумға қатысты.

Форум экологиялық өркениет және жасыл төмен көміртекті даму тұжырымдамасын ілгерілетуге, ШЫҰ елдерінің жасыл төмен көміртекті трансформацияны жеделдетуге және жоғары сапалы дамытуға жәрдемдесу жөніндегі шараларын көрсетуге арналған.

Форум жұмысына ШЫҰ-ға мүше елдердің және ШЫҰ диалогтық серіктес елдерінің өкілдері қатысты.

Форум барысында Министр Е.Н. Нысанбаев Форумның ашылу салтанатында және «Жасыл төмен көміртекті трансформацияны қолдау үшін климаттық әрекеттер» тақырыбындағы 3-ші кіші форумда құттықтау сөз сөйледі.

Форумның қорытындысы бойынша «Тұрақты дамуды бірлесіп ілгерілету үшін жасыл даму серіктестіктерін құру» бастамасы қабылданды.

Сонымен қатар, Форум аясында Министр Е.Н. Нысанбаев Иранның Вице-президенті – Қоршаған ортаны қорғау ұйымының төрағасы Али Саладжегхе, Қытайдың экология және қоршаған орта министрі Хуан Жуньцю, Өзбекстанның экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрі А.А. Абдухакимов, Катардың қоршаған орта және климаттың өзгеруі министрі Абдулла бин Абдулазиз Турки әл-Субаи, БАӘ-нің климаттың өзгеруі және қоршаған орта мәселелері жөніндегі вице-министрі Мұхаммед Саид Сұлтан әл-Нуаймимен қоршаған ортаны қорғау, оның ішінде климаттың өзгеруі, биологиялық әртүрлілікті сақтау, шөлейттенумен күрес және т.б. мәселелер бойынша ынтымақтастықты кеңейту мәселелері бойынша  кездесулер өткізді.

Сондай-ақ, Министр Е.Н. Нысанбаевтың бастаған қазақстандық делегация ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің технология трансфері орталығының қызметімен танысу үшін орталыққа барды.