Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/813681?lang=kk
Экология министрлігінде Қоғамдық кеңес мүшелерінің, экологиялық ұйымдар өкілдерінің, жұртшылықтың қатысуымен Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленген Қазақстанның экологиялық мәдениетін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы талқыланды.
«Экологияға қамқорлық электр энергиясын, суды және басқа да табиғи ресурстарды үнемді пайдаланудан, тұрмыстық қалдықтарды одан әрі өңдеу үшін бөлек жинаудан бастап, біздің күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналуы тиіс. Экологиялық мәдениет – бұл жай ғана табиғат туралы білім және біржолғы акциялар өткізу емес, қоршаған ортаға саналы көзқарас, болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігімізді түсіну», – деп атап өтті вице-министр Жомарт Әлиев іс-шара барысында.
Өз баяндамасында экологиялық саясат департаментінің директоры Н.Дәулетьярова Тұжырымдаманың негізгі бағыттары туралы айтты:
– технологиялық және инфрақұрылымдық шаралар, ауқымды экологиялық акциялар өткізу, оның ішінде «Таза Қазақстан»;
– экологиялық білім;
– мектепке дейінгі, мектептегі және мектептен тыс экологиялық білім беру;
– қоршаған ортаны қорғау саласында шешімдер қабылдауға жауапты мамандарды кәсіби қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру;
– экономикалық ынталандыруды енгізу.
Тұжырымдаманың негізгі критерийлерінің бірі экологиялық сананы, қоршаған ортаның ластануына және экологиялық құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру болып табылатынын атап өткен жөн. Бағыттардың әрқайсысы бойынша нысаналы индикаторлар анықталды.
Экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасының жобасын талқылауды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасынан көруге болады.