ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрінің Астана қаласының тұрғындарымен кездесуін өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/824667?lang=kk

2024 жылғы 14 тамызда ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М. Ошурбаевтың Астана қаласының тұрғындарымен кездесуі өтеді.

Кездесудің мекен-жайы: Сарыарқа даңғылы 13, 2 қабат, Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залы мекенжайы бойынша өтеді.

10:00-11:00 – азаматтарды жеке қабылдау;

11:00-12:30 – халықпен, коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесулер;

12:30-13:00 – өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг.

Онлайн – көрсетілім тікелей эфирде Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Facebook», «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында өткізілетін болады.

Сіздердің сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды вице-министрмен кездесуде қоя аласыздар немесе келесі байланыс арналарын қолдана отырып жібере аласыздар: WhatsApp нөмірі: + 7 (775) 921-04-21  және электрондық мекен-жайға: nur-ecodep@ecogeo.gov.kz.

Жеке қабылдауларға жазылу үшін тел +7 (705) 363-91-77.

Азаматтарды белсенді қатысуға және Экология және табиғи ресурстар вице- министріне сұрақ қоюға шақырамыз.

#халықпенкездесу