Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/835107?lang=kk
2024 жылғы 28 тамыздан бастап «Жасыл Даму» АҚ қызметі бойынша кеңес 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы берілетін болады. Енді кәдеге жарату төлемдерін төлеу, қалдықтарды жинау, тасымалдау және қайта өңдеу бойынша, сондай-ақ өзге де мәселелер бойынша ақпарат пен кеңес алу үшін көрсетілген нөмір бойынша хабарласуға болады. Байланыс орталығының мамандары Сіздің сұрақтарыңызға жауап беруге және туындаған мәселелерді шешуге көмектесуге дайын. Бұл кеңес алу процесін жеңілдетеді және сіздің сұраныстарыңыздың жедел шешілуін қамтамасыз етеді. Бұл жаңа мүмкіндік азаматтарға қызмет көрсетудің жоғары сапасы мен ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.