АӨСШК министрлер конференциясында экология мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі мәлімдеме жасалды

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/835531?lang=kk

Бүгін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске (АӨСШК) мүше мемлекеттер министрлерінің экология мәселелері жөніндегі конференциясы аясында ынтымақтастықтың болашақ бағыты туралы жоғары деңгейдегі мәлімдеме жасалды.

  1. Біздің өңіріміз алдында тұрған өзекті экологиялық проблемаларды шешу, озық тәжірибемен дәйекті алмасу және тиісті министрліктер мен ведомстволар арасында тұрақты кездесулер өткізуге жәрдемдесу бойынша белсенді және дәйекті күш-жігердің маңыздылығын мойындай отырып, біз АӨСШК-ге мүше мемлекеттер арасындағы қоршаған орта саласындағы ынтымақтастықты дамыту қажет деп санаймыз.
  2. Біз тұрақты даму мақсаттарына сәйкес әлеуетті арттыру мен технологияларды өзара беруді қоса алғанда, қоршаған ортамен байланысты су ресурстарын басқару саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға міндеттенеміз.
  3. Климаттың өзгеруінің ауырлығын және оның біздің аймаққа тигізетін әсерін түсіне отырып, біз климаттың өзгеруіне қарсы күресте тәжірибе, озық тәжірибелер мен жетістіктермен, оның салдарымен және оған бейімделуімен БҰҰ РКИК және Париж келісімі шеңберінде, сондай-ақ тұрақты даму және кедейлікпен күресу контекстінде бөлісуге міндеттемемізді растаймыз. Бұл әрекеттер экологиялық факторлар әсерінің жағымсыз салдарын жоюға және барлық тиісті мүдделі тараптарды АӨСШК өңірінде экологиялық хабардарлықты арттыру жөніндегі ұжымдық күш-жігерге тартуға бағытталатын болады.
  4. Біз өмір сүру және денсаулық сапасын жақсартуға, климаттың өзгеруін азайту және бейімделу, Биоәртүрлілікті жоғалту процесін кері қайтару, қоршаған ортаға байланысты суды тұрақты басқару, экожүйелерді басқару және ластанумен күресу бойынша тәжірибе алмасуға көмектесуге ниеттіміз.
  5. Біз АӨСШК-ге мүше мемлекеттерді олардың экологиялық мақсаттарына қол жеткізуде және орнықты дамуды көтермелеуде қолдауға міндеттенеміз.

Қорытындылай келе, біз АӨСШК қағидаттарына адалдығымызды және экологиялық және климаттық мәселелерді шешуге ортақ, бірақ сараланған жауапкершілігімізді растаймыз. Бұл жоғары деңгейлі мәлімдеме АӨСШК аймағы үшін тұрақты болашақ құруға деген ұжымдық шешіміміздің дәлелі болып табылады.