Вице-министр М. Ошурбаевтың Қазақстандағы ГФР Елшісінің орынбасары Ұ. Кинемен кездесуі

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/836008?lang=kk

ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М. Ошурбаев Қазақстандағы ГФР Елшісінің орынбасары У. Киннемен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екі елдің экологиялық ведомстволары арасындағы жемісті екіжақты ынтымақтастықты атап өтті.

Тараптар Министрліктің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамымен (GIZ) бірлескен жобалары шеңберіндегі өзара іс-қимылды талқылады. Бұдан басқа, ұлттық деңгейде айқындалған салым (ОНУВ) мәселелері және климаттың өзгеруі саласындағы жобалар бойынша ынтымақтастық атап өтілді.

Қазақстандық тарап Қазақстанның 2060 жылға дейінгі көміртекті бейтараптық стратегиясын іске асыру жөніндегі қызметі туралы, Қазақстанның климат саласындағы жоспарланып отырған іс-шаралары туралы, сондай-ақ энергия тиімділігі саласындағы неғұрлым тығыз ынтымақтастық қажеттігі туралы хабардар етті. Сондай-ақ, вице-министр М.Ошурбаев неміс тарапының Орталық Азиядағы климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі өңірлік стратегия Хатшылығын орналастыру жөніндегі Қазақстанның бастамасын қолдауына үміт білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар аталған барлық бағыттар бойынша нәтижелі ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.