Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/843214?lang=kk
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Словакия Республикасының Electro recycling компаниясының өкілдерімен бірлескен кездесу өткізді.
Компания қалдықтарды қайта өңдеумен және кәдеге жаратумен айналысады, оған қалдықтарды жинау және тасымалдау кіреді. Зауыт Шығыс Еуропадағы ең заманауи және алғашқы зауыт болып табылады, ол Еуропалық Одақтың барлық қатаң критерийлеріне сәйкес келеді.
Кездесу барысында коммуналдық қалдықтарды басқару мәселелері талқыланды.
Министр қалдықтарды өңдеудің маңыздылығын атай отырып, қалдықтармен басқару секторына тартылған мүдделі тараптардың ынтымақтастығы нығаюы тиіс екенін атап өтті.