Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/852922?lang=kk
2024 жылғы 25 қыркүйекте Бішкек қаласында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев «Орталық Азия аймағында бейімделу жоспарлау және қаржыландыру: СОР29-ға апарар жол» атты аймақтық конференцияның жоғары деңгейдегі панельдік сессиясында сөз сөйледі.
Өз сөзінде ол Орталық Азия климаттық өзгерістерге осал аймақ екенін және Қазақстан үшін су ресурстары, ауыл және орман шаруашылығы, сондай-ақ табиғи апаттардың алдын алу сияқты салаларда климаттық өзгерістерге бейімделу шараларын қабылдау басым бағыт екенін атап өтті.
Сондай-ақ, ол климаттық мақсаттарға, оның ішінде алдағы СОР29 конференциясына қол жеткізу үшін халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын талқылап, Қазақстанның 2026 жылы Өңірлік климаттық саммит өткізу жоспары туралы хабарлады.
Өңірлік климаттық саммит Орталық Азиядағы климаттың өзгеруіне бейімделу және төзімділікті арттыру бойынша өңірлік ынтымақтастықты нығайту және бірлескен шешімдер әзірлеу жолындағы маңызды қадам болады.