Болашақ өскелең ұрпақтың қолында

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/863412?lang=kk

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев пен Оқу ағарту министрі Ғ.Бейсенбаев Астана қаласындағы №103 мектепте болды.

Өз сөзінде Экология министрі Экологиялық мәдениет тұжырымдамасының мақсаттары мен міндеттері, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау маңыздылығы, өткізіліп жатқан экологиялық науқандар және т.б. шараларды атап өтті.

Шара барысында «Жасыл Даму» АҚ өкілдері жиналғандарға қалдықтарды жинау жүйесін көрсетті, мектепте фандомат құрылғысы орнатылды.

Министрлер кеше ғана өткен Астана қаласының 60 мектебі, 40 балабақшасы жаңа 8 жайлы мектептерінде ағаш отырғызу шарасын жалғастырды. Әр мектепте 25 данадан, балабақшаларға 15 данадан жаңа жайлы мектепке 50 данадан ағаш отырғызылды. Қошеттер «Жасыл аймақ» РМК-сі тарапынан берілді.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі:

1) Экологиялық білімге кіріспе;

2) Қалдықтарды сұрыптау негіздері;

3) Қоршаған ортаны құрметтеу: табиғатты аялау, жануарларды қорғау;

4) Экотуризм тақырыптары бойынша геймификациясы бар бейнероликтер дайындады.

Алдағы уақытта бұл бейнероликтер «Жасыл клубтар» аясында барлық оқу орындарында көрсетілетін болады.