Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/894958?lang=kk
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев а.ж. 2-13 желтоқсан аралығында Эр-Рияд қаласында «Біздің жер. Біздің болашағымыз» ұранымен өтіп жатқан БҰҰ тараптарының шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі Конференцияның он алтыншы сессиясына (СОР 16) қатысты.
COP 16 Конференциясы аясында Министр Е.Нысанбаев сондай-ақ барлық деңгейлерде құрғақшылыққа төзімділікті жеделдету жолдарын талқылауға арналған «Женевадан Эр-Риядқа және одан әрі: құрғақшылықты белсенді басқару бойынша жаһандық және ұлттық саясатты жетілдіру» министрлер диалогына қатысты және сөз сөйледі.
«Соңғы жылдары адамзат су тапшылығы мен жердің деградациясына тап болған аймақтардың көбеюіне куә болды, бұл ауыл шаруашылығы мен су ресурстарына қол жетімділікке айтарлықтай зиян келтірді. Шамамен 29 миллион га эрозиядан зардап шегеді, бұл олардың құнарлылығын төмендетеді және азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.
Жаһандық өзгерістер жаһандық шешімдерді қажет етеді. Қазір мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың, бизнес пен жұртшылықтың күш-жігерін біріктіру бұрынғыдан да маңызды. Тек бірлескен әрекеттермен шөлдердің таралуын тоқтатуға, биосфераны сақтауға және болашақ ұрпақ үшін болашақты қамтамасыз етуге болады.
Қазақстан құрғақшылықпен күресуге бағытталған халықаралық және өңірлік бастамаларға қатысуын одан әрі нығайтуға дайын. Біз бірлескен күш-жігермен қоршаған ортаны сақтауға, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына және болашақ ұрпақтың өмір сүру сапасын арттыруға үлес қоса алатынымызға сенімдіміз.» – деп атап өтті өз сөзінде Ерлан Нысанбаев.