Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/898720
TazaQazBot 2024 жылдың 5 шілдесінде іске қосылды және халықтың өтініштерін қалдыру құралы ретінде өзінің тиімділігін дәлелдеді.
Бүгінгі таңда чат-бот арқылы 8806 өтінім келіп түсті, оның 7913-і сәтті орындалды.
Бұл аталған платформаның нәтижелілігін және азаматтардың өңірлік проблемаларды шешуге деген жоғары қызығушылығын растайды.
Пайдаланушыларға ыңғайлы болу және жауапты орындаушыларды анықтау үшін өтінімдер 21 санатқа бөлінеді. Тұрғындардың шағымдарының көпшілігі аумақты тазарту, көшелерді абаттандыру, тұрмыстық қоқыстарды шығару және жолдарды жөндеу бойынша түседі.
Чат-боттың ең белсенді пайдаланушылары Алматы (2434 өтінім), Астана (1017 өтінім) қалаларының және Түркістан облысының (834 өтінім) тұрғындары болып табылады.
Бұл ретте платформа Ұлытау(78 өтінім), Абай (115 өтінім) және Павлодар (116 өтінім) облыстарында аз танымал.
@TazaQazBot арқылы өтініш беру процесі өте қарапайым және ыңғайлы: кіру, проблемалық учаскенің фотосуретін тіркеу, нақты мекенжайды көрсету және қажет болған жағдайда түсініктеме қосу жеткілікті. Барлық деректер автоматты түрде жергілікті атқарушы органдарға беріледі, олар мәселені жіктейді және орындаушыны тағайындайды. Өтінім санатына байланысты жүйе жұмысты орындау мерзімдерін автоматты түрде белгілейді.
Тапсырма аяқталғаннан кейін Орындаушы фотосурет пен түсініктемелерді жүктейді, ал өтініш беруші рейтинг жүйесі арқылы олардың сапасын бағалау мүмкіндігімен жұмыстың аяқталғаны туралы хабарлама алады.
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі өтінімдердің уақтылы орындалуын мұқият қадағалайды және қоршаған ортаны қорғау саласында халықпен тиімді байланыс жүйесін дамытуды жалғастыруда.