Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/899971?lang=kk
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Н. Құрмалаев экология саласында цифрлық технологияларды қолдану туралы айтты.
Ол министрлік Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес цифрлық трансформация жобаларын белсенді түрде жүзеге асырып жатқанын атап өтті.
Осылайша, цифрлық трансформацияның бекітілген картасы алдағы бес жыл ішінде заманауи технологияларды енгізуге бағытталған. Олардың ішінде жасанды интеллект, спутниктік технологиялар, компьютерлік көру, үлкен көлемдегі ақпаратты талдау және заттар интернетінің экожүйесі бар.
Бұл технологиялар қазірдің өзінде ластаушы заттардың шығарындыларын бақылау, дала өрттерін ерте анықтау және экожүйелерді ғарыштық бақылау сияқты салаларда қолданылады. Цифрлық шешімдерді қолдану бақылаудың тиімділігін арттыруға, мемлекеттік және жеке құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға және жедел және негізделген шешімдер қабылдауға ықпал етеді.
Министрлік мемлекеттік қызметтерді белсенді автоматтандырады. Нәтижесінде, 30 мемлекеттік қызметтің 29-ы электронды түрде ұсынылады. 2024 жылы «Ағаш кесу билетін беру» қызметін автоматтандыру аяқталды, бұл процесті электрондық форматқа ауыстыруға мүмкіндік берді.
Негізгі жоба қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкі болып табылады. Платформа Экологиялық қордың барлық инфрақұрылымына қолжетімділікті қамтамасыз етеді және мемлекет, табиғат пайдаланушылар және жұртшылық арасындағы өзара іс-қимылға жәрдемдеседі. Осы жоба аясында шығарындыларды бақылау, қалдықтар мен көміртегі шығарындыларын есепке алу жүйелері, сондай-ақ экологиялық есептілікті автоматтандыру енгізілді.
Табиғи ресурстардың интерактивті картасы да іске асырылуда «Tabigat.gov.kz», бұл елдің экожүйесі мен табиғи ресурстарының жай-күйі туралы ақпарат береді. Спутниктік бақылау рұқсат етілмеген полигондарды, заңсыз ормандарды кесуді анықтауға және орман өрттерін бақылауға көмектеседі.
Орман өрттерін ерте анықтау жүйесі енгізілуде, бұл әрекет ету уақытын 3 есеге, өрт аумағын 20 есеге, ал сөндіру шығындарын 15 есеге қысқартуға мүмкіндік береді. Жүйе табиғи резерваттар мен ұлттық саябақтарда сәтті жұмыс істейді.
Министрлік табиғи ресурстарды тиімді бақылау және басқару үшін цифрлық шешімдерді енгізуді және дамытуды жалғастырады, бұл елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға және тұрақты дамуды қамтамасыз етуге көмектеседі.