«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» Ұлттық байқауының қорытындысы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/913384?lang=kk

«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» Ұлттық байқауының қорытындысы шығарылды.

Бұл конкурсты жыл сайын Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі әкімдіктермен бірлесіп Экологиялық мәдениетті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде өткізеді.

Конкурстың мақсаты – Қазақстан Республикасының Білім беру ұйымдары арасында эко-бағдарланған қызметте және орнықты дамуда бастаманы қалыптастыру болып табылады.

Бекітілген Ережеге сәйкес Конкурс екі номинация бойынша аймақтық және ұлттық кезеңдерде өткізілді:

1) «Табиғатқа жанашыр ұйым» номинациясы;

2) «Экологиялық сауат және ақпараттандыру» номинациясы.

 

«Табиғатқа жанашыр ұйым» номинациясы бойынша:

 

Бірінші орын – Қарағанды облысы Білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің «№ 16 жалпы білім беретін мектебі» КММ;

Екінші орын – Батыс Қазақстан облысы әкімдігі Білім басқармасының Бөрлі ауданы бөлімінің «Ақсай қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ;

Үшінші орын – Қызылорда облысының Білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім беру бөлімінің «Сыр-бөбегі» бөбекжай бақшасы КМҚК.

 

«Экологиялық сауат және ақпараттандыру» номинациясы бойынша:

 

Бірінші орын – Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 7 жалпы білім беретін мектебі» КММ;

Екінші орын – Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің Білім  басқармасының «Жібек жолы мектеп лицейі» КММ;

Үшінші орын – Шымкент қаласы Білім басқармасының «Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ.