Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/924285?lang=kk
Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев Финляндия елшісі Янне Хейсканенмен кездесті.
Кездесу барысында тараптар өзара тиімді сауда-экономикалық әріптестіктің қозғаушы күші болып табылатын Үкіметаралық комиссияның жұмысын талқылады.
2024 жылғы сәуірде өткен комиссияның кезекті отырысы барысында су ресурстарын басқару, жаңартылатын энергия көздері, тұрақты орман пайдалану және т. б. бағыттардың кең ауқымы талқыланды.
Сонымен қатар, Министр Е. Нысанбаев Финляндияның ағашты сертификаттау және қадағалау саласындағы тәжірибесін зерделеу үшін сарапшылар деңгейінде онлайн кездесу өткізуді ұсынды.
Сондай-ақ, кездесуде Париж келісімі бойынша міндеттемелерді орындау және Қазақстанда 2060 жылға дейінгі көміртекті бейтараптық стратегиясын іске асыру туралы толығырақ тоқталды. Климаттың өзгеруіне бейімделуге ерекше назар аударылады, өйткені біздің ел ауа-райының күрт өзгеруі, су тасқыны және экожүйелердің деградациясы сияқты қиындықтарға тап болады.
Министр Финляндияны 2026 жылы БҰҰ қамқорлығымен өтетін Аймақтық климаттық каммиттің жұмысына белсенді қатысуға шақырды.
Кездесу соңында тараптар нәтижелі өзара іс-қимылды және барлық аталған бағыттар бойынша әріптестікті одан әрі тереңдетуге дайындығын және біздің елдеріміздің күш-жігерін біріктіру климаттың өзгеруіне табысты бейімделуге, тәуекелдерді азайтуға және экожүйелердің тұрақтылығын нығайтуға ықпал ететініне сенімділігін атап өтті.