Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/935817?lang=kk |
Аталмыш мерекені БҰҰ Бас Ассамблеясы 2015 жылдың желтоқсанында әйелдердің ғылымға қосқан үлесінің маңыздылығын атап өту мақсатында құрды. Қазіргі таңда әйелдер қауымы инновациялық технологияларды әзірлеуге, экологиялық зерттеулерге, сондай-ақ тұрақты даму және климаттың өзгеруі мәселелерін шешуге белсенді түрде қатысуда.
Экономика ғылымдарының докторы, академик Гүлбазар Медиева Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығындағы білім беру және ғылым бағытын, сондай-ақ ғылыми-қоғамдастықтың жұмысын үйлестіруші. Гүлбазар Ақылқызының негізгі жетістіктерінің бірі жасыл технологиялар саласындағы 98 жетекші сарапшыны біріктірген ғылыми-техникалық кеңесті (ҒТК) құруы болды.
Оның кәсібилігінің арқасында ең озық қолжетімді технологиялар (ЕҚТ) салалық анықтамалықтарын сараптау процесі ұйымдастырылды. Бұл Қазақстанда жасыл экономиканы дамытудың ғылыми негізделген тәсілдерін қалыптастырудағы маңызды қадам.
Ботаника және фитоинтродукция институтындағы 102 ғылыми қызметкердің 75-і әйелдер. Аталмыш Институтты биология ғылымдарының докторы – Ситпаева Гүлнар Тоқбергенқызы басқарады.
10 жыл бойы ол Тянь-Шань флорасын зерттеу бойынша “Орталық Азияның жасыл жолы” жобасының жетекшісі болды, оған бірнеше Орталық Азия елдерінің өкілдері қатысты. Сондай-ақ Гүлнар Тоқбергенқызы түрлі экспедицияларға, соның ішінде халықаралық экспедицияларға да қатысады.
Ал Қазақ орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қызметкері Надежда Чеботько орман ғылымының дамуына елеулі үлесін қосты. Ол қарапайым қарағайды сұрыптаумен және сорттық сынаумен, сондай-ақ селекцияны, интродукцияны және биотехнологияны қолдана отырып, ағаш-бұта түрлерінің биоәртүрлілігін сақтаумен айналысады. 40 жылдық ғылыми қызметі барысында 90-нан астам ғылыми еңбектер жариялап, 5 патент және 4 авторлық куәлік алды. “Аракарагайская” және “Чебаркульская” кәдімгі қарағай популяцияларының сорттарының соавторы, сондай-ақ – “Боровская-22”, “Боровская-44” клондарының және “Төзімді қарағай” гибридінің авторы.
Басқа әйел ғалым Тамара Стехареваның зерттеулері Қазақстанның ормандылығын арттыруға және бірегей экожүйелерді сақтауға ықпал етті. Биология ғылымдарының кандидаты, профессор орман экожүйелерін геоботаникалық зерттеуге, орман түрлерін, оның ішінде сирек кездесетін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жойылып кету қаупі төнген түрлерді сақтауға айтарлықтай үлес қосты.
Қазіргі таңда елімізде ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысатын ғалым әйелдердің үлесі 10 мыңнан астам адамды құрайды. Бүгінгі мереке ғылымның жетістіктері әйелдердің белсенді қатысуынсыз мүмкін еместігін және ғылымдағы әйелдерді қолдау бүкіл адамзаттың алға жылжуына ықпал ететіндігін еске салады.