АТҚТ-дағы орман мелоиоративтік жұмыстар жүргізу бойынша

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/935847?lang=kk

 

Арал теңізінің құрғаған табанының жалпы ауданы шамамен 6 млн.гектарды құрайтыны баршаға мәлім, оның ішінде 2,8 млн. га Қазақстанға тиесілі.

Біздің еліміздегі Арал теңізінің құрғаған табаны құмды және сортаңды шөлдердің аумағы болып табылады, мұнда фитомелиоративтік жұмыстар жүргізу үшін аумақтардың орман жарамдылығын ескеру қажет.

2021 жылы Мемлекет басшысы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында АТҚТ 1,1 млн га аумағына орман мелиорациялық жұмыстарды жүргізу міндетін қойды.

4 жыл ішінде 475 мың га алаңға сексеуіл отырғызылды, оның ішінде:

– 2021 жылы-73,5 мың га (ЖАО — 20,9 мың га, ЭТРМ-52,6 мың га);

– 2022 жылы-108,5 мың га (ЖАО-44 мың га, ЭТРМ-64,5 мың га);

– 2023 жылы — бөлінген қаражат аясында 166 мың га (ЖАО-100 мың га, ЭТРМ-66 мың га).

Сонымен қатар, 2021-2023 жылдары табиғи жаңаруға жәрдемдесу 197,0 мың га алаңда жүргізілді.

2024 жылы — 127 мың. га (ЖАО-100 мың га, ЭТРМ-27 мың га).

Дүниежүзілік банк қаржыландыратын жобаны іске асыру аясында АТҚТ – дағы жұмыстарды отырғызу материалымен қамтамасыз ету үшін Қазалы қаласында ауданы 33 гектар питомниктің құрылысы аяқталды. Жоба бойынша сексеуіл және галофитті бұталардың көшеттері одан әрі Арал теңізінің құрғаған табанына отырғызу үшін өсірілетін болады. Питомниктің қуаттылығы жылына 3 млн. дана көшет.

Сондай-ақ, Арал теңізінің құрғаған табанында жаңа орман питомнигін құру жоспарда бар. Ол питомниктен алынған отырғызу материалы құрғақ жағдайларға бейімделеді, бұл отырғызу материалдарының сапасын арттырады.

Бұдан басқа,  жұмыстардың сапасын арттыру және тұрақты ғылыми  көмек көрсету үшін Қазақ орман шаруашылығы және агроорман мелиорациясы ғылыми-зерттеу институтының Қызылорда қаласында филиалы ашылмақ.

Институт мамандары АТҚТ-дағы күзгі-көктемгі орман өсіру жұмыстары кезінде агротехникалық іс-шараларды сақтау (егу және отырғызу схемаларын дұрыс жүргізу, орман тұқымдарын жинау және өңдеу, өсімдік көшеттерін қазу және тасымалдау), Арал теңізінің құрғаған табанында орман екпелерін құруды ғылыми мониторингілеу және талдау бойынша жұмыстар жүргізетін болады.