Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/935892
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
«Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі-Кәсіпорын) мекен-жайы:010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 11/1.
Кәсіпорын қызметінің мәні: Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын және табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрларын жүргізу.
Функционалдық міндеттері: Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады және тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның даму және жұмыс, бюджеттеу жоспарын әзірлейді, сондай-ақ олардың орындалуын қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның қаржы-экономикалық және өндірістік-шаруашылық қызметінің мәселелерін шешеді. Кәсіпорынның міндеттемелері мен функцияларын орындауды қамтамасыз етеді. Қызметкерлер орындайтын есептердің, хаттардың, ақпараттардың уақытылы ұсынылуын және сапасын бақылайды. Қызметкерлердің жоспарларды орындауын ұйымдастырады. Ресурстарды ұтымды пайдалануды бақылауды жүзеге асырады. Жұмыстың жаңа және қазіргі заманғы әдістерін жетілдіру, жоспарлау және енгізу жөніндегі жұмысты талдайды және ұйымдастырады. Мемлекеттік билік және басқару органдары мен басқа да мүдделі ұйымдардың табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпараттық-консультациялық қызметтері бойынша жұмысты ұйымдастырады. Кәсіпорын қызметінде заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді және бақылайды. Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар министрлігі алдындағы кәсіпорынның барлық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді бақылайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық (халықаралық құқық және/немесе құқықтану); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика және/немесе әлемдік экономика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару); жаратылыстану ғылымдары (химия және/немесе экология).
Мамандығы бойынша кәсіпорынның бейініне сәйкес басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Мүмкіндігінше «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» дәрежесінің немесе басқару (менеджмент) саласында қосымша білімінің болуы.
Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу Қағидалары негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
6) “Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми сайтында жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 15 кіреберіс, 4 қабат, 435 кабинет, анықтама үшін телефоны: 8 (7172)74-12-19, e-mail: me.alipbaeva@ecogeo.gov.kz Меруерт Бердібайқызы Алипбаева, мекенжайы бойынша тапсырылуы тиіс