Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/942502?lang=kk
🔊 ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің Ақмола облысының тұрғындарымен кездесуі туралы хабарландыру
🔸 2025 жылғы 28 ақпанда ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев Ақмола облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді.
📍 Кездесудің мекен-жайы: Көкшетау қ., Болашақ сарайы (Көктем ықшам ауданы, 9А/1).
10:00 – 10:30 – азаматтарды жеке қабылдау;
10:30 – 12:00 – халықпен, коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесулер;
12:00 – 12:30 – өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг.
⏯️Онлайн-көрсетілім тікелей эфирде Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Facebook», «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында өткізілетін болады.
📩 Сіз өз сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды министрмен кездесу барысында қоя аласыз немесе келесі байланыс арналары арқылы жібере аласыз:
📱 WhatsApp: 8 (701) 100-44-66
📧 Электрондық пошта: s.koblashov@ecogeo.gov.kz
📌 Жеке қабылдауға жазылу 2025 жылғы 25 ақпанға (қоса алғанда) дейін жүргізіледі. Жазылу үшін 8 (701) 100-44-66 нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз.
Барша азаматтарды белсенді қатысуға және ҚР Экология және табиғи ресурстар министріне өз сұрақтарын қоюға шақырамыз!